Құпиялық

Құпиялық

Құпиялықты сақтау туралы мәлімдеме

Бөлімнің мазмұны соңғы рет 2020 жылғы 1 қазанда жаңартылды.

KPMG1 өзіне табысталатын ақпараттың құпиялығы мен қол сұғылмаушылығын қорғауды өз борышы деп санайды. Осыған байланысты КПМГ сізден тікелей немесе сіз өкілеттік берген үшінші тұлғалардан электрондық пішінде немесе материалдық дерек жеткізгішпен алынған және КПМГ ұйымы автоматтандыру құралдарын пайдаланып немесе ондай құралдарды пайдаланбастан өңдейтін дербес ақпараттың (сондай-ақ «дербес деректер», «жеке сәйкестендірілетін ақпарат» деп те аталады) қажетті түрде қорғалуын және тиісті түрде пайдаланылуын қамтамасыз етуді міндетіне алады.

Әдетте, біз сізге немесе сізбен азаматтық-құқықтық қарым-қатынас арқылы байланысқан тұлғаларға КПМГ туралы ақпарат (іс-шаралар мен бос жұмыс орындарын қоса алғанда) беру және (немесе) қызметтер көрсету немесе ынтымақтастық туралы шешім қабылдау және шарттар жасасу мақсатында сіз бізге ерікті түрде хабарлайтын дербес ақпаратты ғана жинаймыз. КПМГ желісінде алынған дербес ақпаратты жинау, пайдалану, беру және қорғау тәртібі жөнінде толығырақ түсінік алу үшін КПМГ компаниясының құпиялықты сақтау туралы осы мәлімдемесімен (бұдан әрі – «КПМГ мәлімдемесі») мұқият танысуды өтінеміз.

1. Дербес ақпаратты жинау және пайдалану

1.1 Біз жинайтын ақпараттың сипаты

1.2 Алынатын дербес ақпаратты пайдаланудың құқықтық негіздері

1.3 Жұмыскерлердің дербес деректері туралы ереже

1.4 КПМГ сайтында дербес ақпараттың автоматты түрде жиналуы

1.5 Әлеуметтік ақпарат құралдарындағы көрнекі элементтер мен қолданбалар

1.6 Балалар

2. Жеке сәйкестендірілетін ақпаратты алмасу мен табыстау

3. Таңдау мүмкіндігі

4. Сіздің құқықтарыңыз

5. Ақпараттық қауіпсіздік және деректердің сақталуы

6. Басқа сайттарға сілтемелер

7. КПМГ мәлімдемесіне енгізілетін өзгертулер

8. Қабылданған саясаттың ережелеріне және оларды орындау бойынша шараларға қатысты мәселелер

 

1. Дербес ақпаратты жинау және пайдалану

1.1.1 Біз жинайтын ақпараттың сипаты

Біз сіз туралы дербес ақпаратты егер сіз оны өз еркіңізбен тікелей немесе өкілетті үшінші тұлғалар арқылы берген жағдайда аламыз. Кейбір жағдайларда КПМГ желісінде сіз берген ақпарат бұрыннан болуы мүмкін (мысалы, сіз КПМГ компаниясының бұрынғы жұмыскері болсаңыз немесе КПМГ желісімен іскерлік қарым-қатынасыңыз болса). Егер сіз КПМГ веб-сайтына бөгде сервистер негізіндегі бірыңғай кіру жүйесі арқылы өз тіркелгіңізбен тіркелсеңіз немесе кірсеңіз, олар пайдаланушының шынайылығын тексеру механизмін (аутентификацияны) іске қосады және КПМГ тіркелгісіне кіру үшін сіздің әлеуметтік желілердегі (мысалы, LinkedIn, Google немесе Twitter) есептік деректеріңізді береді, бұл жағдайда біз сіз әлеуметтік желілер платформасының провайдеріне оларды беруге келісім берген жүйеге тіркелу немесе кіру үшін қажетті кез келген ақпаратты немесе өзге мәліметті, мысалы сіздің атыңыз бен электрондық пошта мекенжайыңызды жинау құқығын өзімізде қалдырамыз. КПМГ желісі жинайтын басқа ақпараттың сипаты сіз осы әлеуметтік желілер провайдерінің платформасында белгілеген құпиялық параметрлеріне байланысты, сондықтан пайдаланылатын бөгде сервистің құпиялықты сақтау туралы тиісті ережелерімен немесе саясаттарымен танысуды өтінеміз.

Сіз тіркелгенде немесе КПМГ желісіне дербес ақпаратыңызды жібергенде, біз бұл ақпаратты осы КПМГ мәлімдемесіне сәйкес пайдаланамыз. Біз сізден дербес ақпаратыңызды өзге мақсаттарда пайдалану үшін рұқсат алған немесе мұндай пайдалану міндетті түрде талап етілетін немесе заңмен немесе кәсіптік стандарттармен рұқсат етілетін жағдайларды қоспағанда, сіздің дербес ақпаратыңыз өзге ешқандай мақсаттарда пайдаланылмайды. Мысалы, егер сіз КПМГ веб-сайтында тіркелсеңіз және өз параметрлеріңізді көрсетсеңіз, біз өз тарапымыздан сіздің тіркелгіңіз үшін сіздің параметрлеріңіз туралы ақпаратты пайдалануды міндетімізге аламыз. Егер сіз веб-сайтқа бөгде сервистер негізіндегі бірыңғай кіру жүйесі арқылы өз тіркелгіңізбен тіркелсеңіз немесе кірсеңіз, біз сізді өзіңіз қолданатын барлық құрылғыларда бір пайдаланушы ретінде сәйкестендіре аламыз және сіз кіретін басқа КПМГ веб-сайттарындағы сіздің пайдаланушылық баптауларыңыз бен параметрлеріңізді дараландыра аламыз. Сіз КПМГ желісіне жұмысқа тұру мақсатында біздің мекенжайымызға жеке түйіндемені немесе өмірбаянды қамтитын электрондық хабарды жіберген жағдайда, біз бұл ақпаратты сізге біздегі бос жұмыс орындары туралы мәлімет беру үшін пайдаланамыз.

Сіз белгілі бір қызметтерді алу үшін тіркелген жекелеген жағдайларда біз сіздің электрондық мекенжайыңызды сіз бізге электрондық пошта бойынша хабарлаған ақпарат расталған сәтке дейін уақытша сақтаймыз (яғни жазылу туралы берілген өтінімді растау үшін біз сіз тіркелген кезде көрсеткен мекенжайға электрондық хабар жібереміз).

1.1.2 Қызметкерлер мен ізденушілер туралы ақпарат

Біз қызметкерлеріміздің, өздерімен жасалған еңбек шарты үзілген тұлғалардың, сондай-ақ бос жұмыс орнынан үміткерлердің дербес деректерін өңдейміз. Деректердің нақты жиынтығы және оларды өңдеу мақсаттары сіздің КПМГ желісімен қарым-қатынасыңызға байланысты және тиісті дербес деректерді өңдеуге берілген келісімдерде сипатталған. Егер сіз көрсетілген санаттардың біріне жатсаңыз, сіз туралы ақпарат сіздің келісіміңіз алынған жағдайда КПМГ кадрлар резервіне қосылуы мүмкін. Осындай жағдайда сіздің деректеріңіз Кадрлар резерві туралы ережеге сәйкес өңделеді.

1.2 Алынатын дербес ақпаратты пайдаланудың құқықтық негіздері

Әдетте КПМГ сіздің өтінішіңізді орындау немесе біздің шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажет дербес ақпаратты ғана жинайды. Егер бізге қосымша мәлімет алу қажет болса, бұл туралы сізге ақпарат жинау барысында хабарланатын болады.

Заңды негіз болған жағдайда, қолданыстағы заңнаманың дербес ақпаратты өңдеуге рұқсат беретін талаптарын орындау мақсатында біз өңдеудің төмендегі шарттарының бірін басшылыққа аламыз:

  • Шартты орындау: сіздің дербес ақпаратыңызды өңдеу біздің шарт бойынша міндеттемелерімізді орындау үшін қажет;
  • Заңмен белгіленген міндет: біз сіздің дербес ақпаратыңызды заңмен белгіленген міндетті орындау мақсатында өңдеуге міндеттіміз, мысалы, салық салу мақсаттары үшін жазбаларды сақтау немесе қандай да бір мемлекеттік немесе құқық қорғау органына ақпарат беру;
  • Заңды мүдделер: біз сіз туралы ақпаратты осындай өңдеу сіздің мүдделеріңізді бұзбайтын жағдайда, заңды қызметімізді жүргізу барысында біздің заңды мүдделеріміздің шеңберіне кіретін және оны әрі қарай жүзеге асыру үшін қажет болғанда өңдейміз; немесе
  • Сіздің келісіміңіз: жекелеген жағдайларда біз сізден дербес ақпаратыңыздың қандай да бір бөлігін өңдеуге жеке келісіміңізді сұраймыз, және де сіздің дербес ақпаратыңыз тек сіздің келісіміңіз алынған жағдайда ғана өңделеді. Сіз кез келген сәтте dataprivacy@kpmg.ru мекенжайы арқылы КПМГ компаниясына хабарласып және байланыстық деректеріңізді бізге қандай мақсатта бергеніңізді көрсетіп, өз келісіміңізден бас тарта аласыз.

Жоғарыда аталған заңды мүдделердің мысалы төмендегілер болып табылады:

  • КПМГ (соның ішінде іс-шаралар мен бос жұмыс орындары туралы) және (немесе) көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты, соның ішінде біздің веб-сайтымызға кіретін тұлғаларға беру.
  • Арам ниетті іс-әрекеттің немесе қылмыстық іс-әрекеттің алдын алу және біздің ИТ-жүйелерімізді қорғау.
  • Онлайн режимде кірушілердің жеке баптаулары мен параметрлерін сақтау, сондай-ақ КПМГ веб-сайттарының функциялық сипаттамаларын жақсарту және тиімділігін арттыру.
  • Маркетингтік қызметті жүзеге асыру және оның нәтижелерін талдау.
  • Корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік саласындағы міндеттемелерімізді орындау.
  • Заңнама талаптарын және реттеуші органдардың өкімдерін орындау.
  • 2.1-бөлімде көрсетілгендей, ішкі әкімшілік қызметті жүзеге асыру мақсатында КПМГ желісіне мүшелер басқа фирмаларға дербес деректерді табыстау.

Дербес деректердің арнайы санаттары заңнамаға сәйкес айқындалады және КПМГ компаниясы оларды тек қолданыстағы заңнамамен көзделген жағдайларда ғана өңдейді.

1.3 Жұмыскерлердің дербес деректері туралы ереже

Жұмыскерлердің дербес деректері туралы ереже Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына сәйкес әзірленген.

1.4 КПМГ сайтында дербес ақпараттың автоматты түрде жиналуы

Кейбір жағдайларда КПМГ және онымен жұмыс істейтін қызмет провайдерлері сіз КПМГ сайттарына онлайн кіргенде немесе сізбен электрондық хабарлар алмасу процесінде ақпараттың жеке түрлерін автоматты түрде жинау үшін cookies технологиясын, веб-маяктарды және өзге технологияларды қолданады. Осындай ақпаратты жинау бізге онлайн-кірушілердің жеке баптаулары мен параметрлерін сақтауға, КПМГ веб-сайттарының функциялық сипаттамаларын жақсартуға, оларды пайдаланушылар үшін ыңғайлырақ етуге және тұтастай алғанда олардың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ біздің маркетингілік қызметіміздің өнімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

1.4.1 IP-мекенжайлар

IP-мекенжай интернетке әр шыққан кезде сіздің компьютеріңізге берілетін нөмір болып табылады. Ол компьютерлер мен серверлерге бір бірін тануға және ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Біздің сайттарымызға кірушілердің IP-мекенжайлары ақпараттық қауіпсіздік және жүйе диагностикасы мақсаттарында есепке алынатын болады. Көптеген жағдайларда бұл ақпарат сайттарды пайдалану үрдістерін және олардың тиімділігін талдау үшін біріктірілген түрде де пайдаланылады.

1.4.2 Сookies технологиясы

Әдетте Cookie сіз біздің сайтқа кірген сайын сіздің интернетке қосылған компьютеріңізде немесе құрылғыңызда орналастырылатын файл болып табылады. Ол сіздің компьютеріңізді немесе құрылғыңызды сайттың жадында сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, cookies технологиясы басқа мақсаттарда да қолданылуы мүмкін.

Біздің веб-сайттарымыздың кейбірінде пайда болатын ақпараттық баннер cookies жинауға сіздің келісіміңізді сұрайды. Төменде біздің веб-сайттарымызда жиналатын cookies санаттарының сипаттамасы және оларды пайдалану барысында сіздің келісіміңіздің аталған сайттардың кейбір элементтерінің жұмысына тигізетін әсері келтіріледі:

Айрықша қажетті cookie файлдары: Айрықша қажетті cookie файлдары пайдаланушылардың сайттың ішінде жүруі үшін және сайттың қорғалған бөлімдеріне кіру тәрізді элементтерді пайдалану үшін талап етіледі. Бұл cookie файлдары белсенді болуға тиіс. Олай болмаған жағдайда сайт тиісті түрде жұмыс істемейтін болады.

Іске пайдаланылатын cookie файлдары: Іске пайдаланылатын cookie файлдары сайттың жұмысын жақсарту мақсатында ақпарат жинау үшін пайдаланылады.

Функциялық cookie файлдары: Функциялық cookie файлдары сайттың жұмысын немесе сыртқы көрінісін өзгертетін пайдаланушылық параметрлерді қадағалау үшін пайдаланылады. Бұл cookie файлдарын пайдаланудан бас тартуыңызға болады, алайда бұл сіздің сайтпен өзара әрекеттестігіңізге әсер етеді және сайтқа кірген сайын кейбір параметрлерді қайтадан таңдау қажет болуы мүмкін.

Функциялық cookie файлдарын пайдалануға келісіміңізді cookie баннерінің көмегімен немесе браузердің параметрлерін cookie файлдарынан бас тартатын етіп баптау арқылы басқаруға болады (мұны әдетте браузердің "Құралдар мен параметрлер" мәзірі арқылы жасауға болады).

Мақсатты немесе жарнамалық cookie файлдары: Мақсатты cookie файлдары сайттардың мазмұнын сіздің мүдделеріңізге сәйкес бейнелеу үшін пайдаланылады. Оларды сондай-ақ кейбір маркетингілік материалдардың көрсетілу санын шектеу үшін, сондай-ақ олардың тиімділілігін бағалау үшін пайдалануға болады. Егер сіз мақсатты cookie файлдарын пайдалануға келісім бермесеңіз, Интернетке жалғанған компьютеріңіз немесе құрылғыңыз жарнамалық мақсатта қадағаланбайтын болады.

Мақсатты cookie файлдарын пайдалануға келісіміңізді cookie баннерінің көмегімен немесе браузердің параметрлерін cookie файлдарынан бас тартатын етіп баптау арқылы басқаруға болады (мұны әдетте браузердің "Құралдар мен параметрлер" мәзірі арқылы жасауға болады).

Браузерлердің көпшілігі cookies файлдарын автоматты түрде қабылдайтынына қарамастан, сіз браузеріңізді cookie файлын қабылдау немесе бұғаттау туралы шешімді өзіңіз ғана қабылдайтындай етіп баптай аласыз (браузердегі "Құралдар" немесе "Бапталатын параметрлер" мәзірін қараңыз). Cookie файлдарды құрылғыңыздан кез келген уақытта жоюға болады. Бұл орайда, егер cookie файлдарын қабылдамасаңыз, сайттың кейбір функцияларының жоғалуы мүмкін екенін есте ұстау қажет.

Cookie файлдарын басқару туралы толығырақ ақпаратты браузердің анықтама бөлімінен немесе мамандандырылған сайттардан, мысалы, www.allaboutcookies.org сайтынан табуға болады.

Төменде біздің веб-сайттарда пайдаланылатын cookie файл түрлерінің тізімі келтірілген:

Мақсаты
Сипаттамасы
Түрі және әрекет ету мерзімі
Функциялары (пайдаланушы браузерінің) Біздің веб-сайттар ортақ интернет-платформаларды пайдалана отырып құрылған. Оларда сыйысымдылық мәселелерін шешуге көмектесетін (мысалы, браузердің тұрпатын анықтайтын) және функциялығын арттыратын (мысалы, мазмұнды тезірек жүктеп алатын) cookie файлдар бар.

Сессия


Браузер жабылған кезде жойылады

Ақпарат қауіпсіздігін сақтау мақсатындағы cookie файлдар (мысалы, ASP.NET) Егер сіз кіруі шектелген аймаққа өту үшін тіркелсеңіз, біздің cookie файлдар онлайн режимде кірген барлық уақыт бойы құрылғыңыздың желіде қалуына мүмкіндік береді. Кіруі шектелген аймаққа өту үшін пайдаланушы аты мен құпиясөзді енгізу қажет болады. 

Сессия

Браузер жабылған кезде жойылады

Сайттың параметрлері Біз пайдаланатын cookie файлдары сондай-ақ сайттың сіз таңдаған параметрлерін (мысалы, тіл) есте сақтай алады немесе жеке баптаулар мен параметрлерді (мысалы, дараландырылған құттықтау хаты немесе сізді қызықтыратын мазмұн) алдын ала қарастыра алады. Сіз сайтқа кіру мүмкіндігін алу немесе тіркелгі құру мақсатында тікелей тіркелетін аймақтарда қолданылады.

Сессия

Браузер жабылған кезде жойылады

Сараптау
Біздің веб-сайтқа келушілердің оны қалай пайдаланатынын және қандай бөлімдердің оларды қызықтыратынын түсіну үшін біз басқа ұйымдар әзірлеген бірқатар сараптау құралдарын іске пайдаланамыз. Бұл біздің www.kpmg.ru сайтының сапасын арттыруымызға және оны ақпаратпен жақсырақ толықтыруымызға мүмкіндік береді. Біріктірілген статистикалық деректердің құрамына сайтқа онлайн режимде кірудің немесе беттерді қараудың, сондай-ақ біздің веб-сайттарға сілтеме жасайтын домендердің жалпы саны кіреді. Біз пайдаланатын Google Analytics интернет сервисі туралы толығырақ ақпарат төменде келтіріледі. Әрекет ету мерзімі ұзақ, бірақ kpmg.kz сайтына онлайн режимде соңғы келген сәтіңізден кейін екі жыл өткенде автоматты түрде жойылады.
Әлеуметтік желілерде ақпарат алмасу

Біздің веб-беттеріміздің мазмұнын әлеуметтік желілер мен электрондық пошта арқылы алмасу үшін сізге қосымша мүмкіндіктер беру мақсатында біз әлеуметтік ақпарат құралдарындағы басқа ұйымдар әзірлеген көрнекі элементтерді немесе түймелерді пайдаланамыз. Мұндай жағдайда құрылғыңызда көрнекі элементтер мен түймелердің пайдаланылуын ыңғайлырақ ететін, біздің веб-беттерде басқа пайдаланушылармен қатынасты көрсететін (мысалы, әлеуметтік желілердегі мазмұн алмасу санағышын жаңарту) және интернеттегі және біздің веб-сайттардағы сіздің іс-әрекетіңіз туралы ақпаратты тіркейтін cookie файл орналастырылуы мүмкін. Назар аударыңыз: кез келген осындай сервисті пайдаланар алдында, әрбір провайдердің құпиялықты сақтау саласындағы саясатымен танысуды ұсынамыз. Әлеуметтік желілерде біз пайдаланатын көрнекі элементтер мен қолданбалар туралы толығырақ ақпарат төменде келтіріледі.

Әрекет ету мерзімі ұзақ, бірақ www.kpmg.kz сайтына онлайн режимде соңғы келген сәтіңізден кейін екі жыл өткенде автоматты түрде жойылады.

 

 

Сайтқа онлайн режимде келушілерге қосымша мүмкіндіктер беру мақсатында біздің жеке веб-беттерімізде басқа әзірлеуші компаниялардың құралдары мен көрнекі элементтері мезгіл-мезгіл пайдаланылатын болады. Мұндай жағдайда құрылғыңызда құралдар мен көрнекі элементтердің пайдаланылуын ыңғайлырақ ететін және біздің веб-беттерде сіздің басқа пайдаланушылармен араласуыңызды дұрыс көрсететін cookie файл орналастырылатын болады.

Cookie файлдар өздігінен бізге сіздің электрондық мекенжайыңызды айтпайды және сізді қандай да бір басқаша түрде сәйкестендірмейді. Біз веб-сайттарымызға онлайн режимде келетін жекелеген адамдарды сәйкестендіру үшін емес, сайтқа келетін бірегей меймандардың санын анықтап, олардың географиялық орналасқан жері туралы ақпарат жинау мақсатында ғана өзіміздің сараптамалық есепхаттарымызда басқа сәйкестендіргіштерді, соның ішінде IP-мекенжайларды пайдаланатын боламыз.

1.4.3 Google Analytics интернет сервисі

КПМГ компаниясы Google Analytics интернет сервисін пайдаланады. КПМГ компаниясында Google Analytics сервисінің қалай пайдаланылатыны туралы толық ақпаратты мына жерден табасыз: https://www.google.com/analytics/terms/us.html

Веб-сайтқа келушілерге өздерінің деректерін Google Analytics сервисінің қалай жинайтынына қатысты көбірек таңдау нұсқаларын беру үшін Google қосымша Google Analytics Opt-out Browser Add-on браузерін әзірледі. Веб-сайтқа келу туралы ақпарат Google Analytics сервисіне түспеуі үшін қосымша браузер Google Analytics JavaScript (ga.js) бағдарламасымен байланыс орнатады. Google Analytics қосымша браузері ақпараттың веб-сайттың өзіне немесе басқа веб-талдау қызметтеріне түсуіне кедергі жасамайды.

1.4.4 Веб-маяктар (web beacon технологиясы)

Веб-маяк (web beacon) - веб-беттегі кішігірім графикалық файл, оны компьютеріңізден мысалы, IP мекенжайы, веб-беттің мазмұнын зерттеудің ұзақтығы, браузердің тұрпаты, сондай-ақ сол сервер бұрынырақ жасаған cookie файлдарының бар-жоғы сияқты белгілі бір ақпаратты алу үшін пайдалануға болады.

КПМГ аталған веб-маяктарды қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес түрде пайдаланады.
КПМГ немесе қызмет көрсетуші провайдерлер веб-маяктарды бізге қызметкерлерді жалдау бойынша немесе маркетингтік қызмет қызмет көрсететін үшінші тұлғалардың веб-сайттарының жұмысының тиімділігін бақылау мақсатында немесе сайтқа онлайн режимде келушілер туралы біріктірілген статистикалық деректерді жинау және cookie файлдарды басқару мақсатында пайдаланатын болады.

Кейбір веб-маяктарды олармен байланысты cookie файлдарын бұғаттау арқылы ажыратуға болады. Мұндай жағдайда веб-маяк сіздің IP мекенжайыңыздан жасырын кіру жайтын тіркей алады, бірақ ақпарат cookie файлына жазылмайды.

Біздің ақпараттық бюллетеньдерімізге немесе өзге де материалдарымызға жазылған жағдайда біз алушылардың әрекеттерін қадағалайтын боламыз, мысалы, хабарламалар ішіндегі кіріктірілген сілтемелер арқылы біз қандай да бір хабарламаны ашқан алушылардың саны туралы ақпарат жинай аламыз. Аталған ақпаратты жинау сайттың қандай бөлімдерінің пайдаланушыларды көбірек қызықтыратынын бағалау үшін және пайдаланушы баптайтын параметрлерді жетілдіру үшін жүргізіледі.

1.4.5 Орналасқан жерді көрсетуге арналған сервистер

КПМГ сіздің компьютеріңіздің немесе мобильді құрылғыңыздың географиялық орналасқан жері туралы ақпаратты жинап, пайдаланатын болады. Бұл деректерді жинаудағы мақсат - өзіңіз тұратын аймақтағы сізге қызықты болуы мүмкін көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты ұсыну және онда ұсынылатын өнімдер мен қызметтерді жетілдіру.

1.5 Әлеуметтік ақпарат құралдарындағы көрнекі элементтер мен қолданбалар

КПМГ компаниясының веб-сайттарында көбінесе Facebook желісіндегі Like батырмасы және Twitter көрнекі элементі сияқты әлеуметтік ақпарат құралдарындағы басқа компаниялардың қолданбалары арқылы ақпарат алмасу мүмкіндігі көзделеді. Әлеуметтік ақпарат құралдарының қолданбалары сіздің КПМГ сайттарының ресурстарын қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпаратты жинайды және пайдаланады (cookie файлдары туралы толық ақпарат жоғарыдағы "Әлеуметтік желілерде ақпарат алмасу" бөлімінде келтірілген). Әлеуметтік ақпарат құралдарындағы осындай қолданбалар арқылы сіз беретін барлық дербес ақпаратты кейде сол қолданбаның басқа қатысушылары жинап, пайдаланады және осындай өзара іс-әрекет сол қолданбаны ұсынатын компаниялардың құпиялықты сақтау туралы саясатымен реттеледі. Біз ол компанияларды бақыламаймыз және олардың сіздің дербес ақпаратыңызды қалай пайдаланатыны үшін жауапкершілік көтермейміз.

Сонымен қатар, КПМГ компаниясының веб-сайттарында блогтар, форумдар, краудсорсингке арналған қолданбалар және өзге де қолданбалар мен сервистер (бұдан әрі - "әлеуметтік ақпарат құралдарының элементтері") орналастырылуы мүмкін. Бұл элементтердің мақсаты – білім беруге және мазмұн алмасуға жәрдемдесу. КПМГ компаниясының әлеуметтік ақпарат құралының элементінде сіз көрсеткен барлық дербес ақпарат әдетте осы элементтің басқа пайдаланушыларына (егер оны жинау сәтінде басқаша көрсетілмесе) беріледі, біз олардың қызметі мен іс-әрекеттерін көбінесе шектеулі дәрежеде ғана бақылай аламыз немесе бізде оларды бақылау мүмкіндігі жоқ.

1.6 Балалар

КПМГ әсіресе электрондық байланыс арналары арқылы араласатын ортада балалардың жеке өміріне қол сұқпау қағидатын сақтаудың маңызын жақсы түсінеді. Біздің электрондық сайттарымыз жасы 13-ке толмаған балаларға арналмаған. Өзіміздің саясатымызға сәйкес біз 13 жасқа толмаған балалар туралы ақпаратты кәсіби қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау аясында жинау мен сақтауды қоспағанда, ондай ақпаратты мақсатты түрде жинау мен сақтауды ешқашан жүзеге асырмаймыз.

2. Адамның жеке басына қатысты ақпаратты алмасу мен табыстау

2.1 Дербес ақпаратты KPMG компаниясына мүше фирмалар желісінің ішінде табыстау

Біз сіз туралы ақпаратты КПМГ желісінің халықаралық жобалар шеңберіндегі басқа мүше фирмаларына, сондай-ақ KPMG International фирмасына және KPMG International қауымдастығына кіретін басқа да мүше фирмаларға бізде әлемнің басқа елдерінің заңнамасы мен нормативтік-құқықтық құжаттарында көзделген талаптарды сақтау бойынша міндет пайда болғанда немесе ондай талаптарды орындау дұрыс болған кезде береміз. КПМГ желісінің құрамына кіретін басқа фирмалар да бізге және сізге қызмет көрсетеді, мысалы, АТ қолданбаларының хостингі және оларды қолдау қызметтері, мүше фирмалар мен олардың клиенттері үшін жауапкершілікті сақтандырудың белгілі бір нысандарын ұйымдастыру, басқа клиенттермен мүдделер қақтығысының бар-жоғы тұрғысынан тексерістер және қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға қарсы іс-әрекет туралы заңнаманың талаптарына сәйкес тексерістерді орындау, клиенттік жобалар шеңберінде қызметтер көрсетуге және КПМГ қызметінің үздіксіз сипатын қамтамасыз етуге арналған басқа да қызметтерді көрсетуге жәрдемдесу.

2.2 Үшінші тұлғаларға табыстау

Біз өзіміздің кәсіби қызметіміздің мақсаттары үшін, сіздердің сауалдарыңызды өңдеу, шарттық міндеттемелерді орындау және (немесе) заңнама не болмаса кәсіби стандарттар талап ететін немесе жол беретін жағдайларды қоспағанда, дербес ақпаратты үшінші тұлғаларға бермейміз. Аталған үшінші тұлғалар туралы толығырақ ақпарат алу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

Сонымен қатар, КПМГ белгілі бір дербес ақпаратты елдің аумағынан тыс жерлердегі бізбен бірге немесе біздің тапсырмамыз бойынша жұмыс істейтін немесе КПМГ компаниясының осы мәлімдемесінде аталған мақсаттарда біздің атымыздан әрекет ететін бөгде ұйымдарға беретін болады. Көптеген жағдайларда КПМГ дербес ақпаратты Еуропалық экономикалық аймақтан тыс жерде сақтайтын болады. Әдетте біз дербес ақпаратты мына елдерге жібереміз. Мұндай жағдайларда сіздің дербес ақпаратыңызды қорғау бұрынғысынша біздің осы ұйымдармен жасасқан шарттарымыздың талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Тиісті жағдайларда Еуропалық экономикалық аймақтан тыс жерлерде мұндай шарттар Еуропалық комиссия бекіткен пішін бойынша ақпаратты қорғау туралы стандартты ережелерді қамтитын болады.

КПМГ сіз берген дербес ақпаратты үшінші тұлғалардың тікелей маркетингілік мақсаттары үшін одан кейін пайдалануы мақсатында сол тұлғаларға бермеуді міндетіне алады.

3. Таңдау мүмкіндігі

КПМГ сіздің дербес ақпаратыңызды белгілі бір мақсатта пайдалану үшін сізден рұқсат сұрайтын болады, ал сіз тиісінше осындай рұқсатты бере аласыз немесе оны беруден бас тарта аласыз. Егер сіз нақты сервистерге немесе ақпараттық жіберілімдерге, мысалы, электрондық жаңалықтар бюллетеніне жазылсаңыз, сіз оларды алудан кез келген уақытта бас тарта аласыз, ол үшін өзіңізге жолданатын әрбір материалға қосылатын нұсқауларды орындаңыз. Егер сіз жіберілімдерді алудан бас тарту туралы шешім қабылдасаңыз, біз аса қысқа мерзімдерде сіздің ақпаратыңызды жоюға тырысамыз, алайда сіздің өтінішіңіз өңделгенге дейін бізге сізден қосымша ақпарат қажет болуы мүмкін.

Жоғарыдағы «Cookies технологиясы» бөлімінде көрсетілгендей, егер cookie файлдарының біздің сайтты сіздің шарлауыңызды қадағалағанын қаламасаңыз, браузеріңізді барлық cookie файлдарын бұғаттайтын етіп немесе сізге cookie-файлының жіберілгені туралы ескертетін етіп баптай аласыз. Бұл орайда, cookie файлдарын бұғаттау нәтижесінде кейбір ресурстарға жете алмауыңыз мүмкін екенін есте ұстау керек.

4. Сіздің құқықтарыңыз

КПМГ сіздің дербес ақпаратыңызды өңдеген кезде сіздің төмендегідей құқықтарыңыз бар:

Қол жеткізу және дәл емес деректерді түзету: сіздің дербес ақпаратыңызға қол жеткізуге құқығыңыз бар. Осындай қол жеткізу мүмкіндігін беруге негіз болатын құжат «Дербес деректер субъектісінің қол жеткізу туралы сұрау салуы» деп аталады. Егер сізге дербес ақпараттың берілуі қолданылатын заңнаманың талаптарымен көзделген болса, онда мұндай ақпарат сізге тегін беріледі. Сізге дербес ақпарат берілгенге дейін біз сізден жеке басыңызды растауды және біздің арамыздағы өзара іс-қимылдың сипаты туралы мәліметтердің қажетті көлемін сұрата аламыз, олар бойынша біз сіздің дербес ақпаратыңызды сәйкестендіре аламыз. Егер сіздің бізде сақталған дербес ақпаратыңыз дұрыс болмаса, сіздің дәл емес ақпаратты түзету туралы бізге сұрау салуға құқығыңыз бар.

Өңдеуге келісім бермеу: егер сіздің пікіріңізше дербес ақпаратыңызды бұдан кейін пайдалануға біздің құқығымыз болмаса, оның өңделуіне келіспейтініңіз туралы мәлімдеуге құқығыңыз бар.

Дербес деректерді тек автоматтандырылған өңдеудің негізінде шешімдер қабылдау: сізге қатысты шешімдер қабылдау сіздің жазбаша түрдегі келісіміңіз болған кезде, федералдық заңдармен көзделген жағдайларды қоспағанда, тек дербес деректеріңіздің автоматты түрде өңделуіне ғана негізделмеуге тиіс.

Келісімді қайтарып алу және (немесе) уәкілетті органға шағым беру құқығы: толығырақ ақпарат «Қабылданған саясаттың ережелеріне және оны орындау бойынша шараларға қатысты мәселелер» атты 8-бөлімде көрсетілген.

- Басқа құқықтар: сонымен қатар, егер сіз оның сақталу мерзімінен қисынсыз асырылып жіберді деп санасаңыз, сіздің дербес ақпаратыңыздың жойылуын талап етуге, сондай-ақ белгілі бір жағдайларда оның шектеулі көлемде өңделуін талап етуге және (немесе) бізде электрондық пішімде сақталатын дербес ақпаратыңыздың қағазға басылған данасын алуға құқығыңыз бар.

Сіз КПМГ компаниясына dataprivacy@kpmg.ru мекенжайы арқылы хабарласып және бізге өзіңіздің байланыстық деректеріңізді қандай мақсатта бергеніңізді көрсете отырып, бізге сұрау салу арқылы жоғарыда аталған құқықтарыңызды іске асыра аласыз, ал біз өз тарапымыздан, сұрауыңыз қолданылатын заңнамаға және кәсіби стандарттарға қайшы келмейтін жағдайда, оны орындау үшін барлық ақылға қонымды және іс жүзінде жүзеге асырылатын шараларды қабылдаймыз.

5. Ақпараттық қауіпсіздік және деректердің сақталуы

КПМГ компаниясында дербес ақпаратты жоғалып кетуден, рұқсатсыз пайдаланылудан, өзгертілуден немесе жойылудан қорғауға арналған қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары мен саясаты қабылданды және қолданылуда. Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздікке төнген барлық қауіп-қатерлерді ескере отырып, тіпті КПМГ жұмсайтын барлық күш-жігерге қарамастан, дербес ақпараттың сақталуына жүз пайыз кепілдік беру мүмкін емес. Біз өз тарапымыздан сіздің дербес ақпаратыңыз өздеріне тек қызмет бойынша міндеттерін орындауы үшін қажет болатын адамдардың ғана қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Дербес деректерге қол жеткізе алатын тұлғалар олардың құпиялығын сақтауға міндетті.

Біз дербес ақпаратты өзімізге і) сұрау салуларды және (немесе) шарттық міндеттемелерді орындау; ii) заңнаманың, реттеуші органдардың, ішкі әкімшілік қызметтің немесе ішкі саясаттың талаптарын орындау үшін қажетті уақыт кезеңі ішінде ғана немесе iii) дербес ақпаратты берген адам бізге осындай ақпаратты жою туралы сұрау салған сәтке дейін ғана сақтауға тырысамыз. Мұндай деректерді сақтау мерзімі ақпаратты жинауда ескерілген нақты оқиғалар мен мән-жайларға байланысты болады, алайда жоғарыдағы i) -iii) тармақшаларының талаптарына сәйкес дербес ақпарат қолданыстағы заңнамаға сәйкес көзделген уақыттан ұзақ сақталмайтын болады.

6. Басқа сайттарға сілтемелер

Көп жағдайда КПМГ компаниясының веб-сайттарында басқа сайттарға, соның ішінде КПМГ желісіне мүше басқа фирмалар қолданатын сайттарға сілтемелер болады, оларға құпиялықты сақтау және көбінесе дербес ақпаратты қорғау туралы КПМГ компаниясының осы Мәлімдемесінен басқа құжаттардың ережелері таралады. Қандай да бір дербес ақпаратты жария еткенге дейін біз онлайн келушілерге әрбір веб-сайтта орналастырылған құпиялықты сақтау саясатымен танысуды ұсынамыз.

КПМГ компаниясының кез келген веб-сайтында тіркеліп, КПМГ желісіне мүше басқа фирма қолданатын веб-сайтқа өз тіркелгіңіз арқылы өтуді жүзеге асыра отырып, сіз КПМГ компаниясының қазір өзіңіз кіріп отырған веб-сайтының құпиялығын сақтау туралы мәлімдемеге сәйкес дербес ақпаратыңыздың пайдаланылуына келісесіз.

7. Құпиялықты сақтау туралы мәлімдемеге енгізілетін өзгертулер

КПМГ деректердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша уақыттың нақты сәтінде әрекет ететін тәртіпті көрсету үшін КПМГ компаниясының осы Мәлімдемесіне мезгіл-мезгіл өзгертулер енгізе алады. Өзгертулер енгізген сайын біз осы беттің жоғарғы жағында жаңа оқылым жасалған күнді көрсететін боламыз. КПМГ компаниясының сіздің дербес ақпаратыңызды қорғауды қалай қамтамасыз ететінін білу мақсатында жаңа ережелерді іздеп, зерделеу үшін КПМГ компаниясының осы Мәлімдемесін жүйелі түрде қарап отыруды ұсынамыз.

8. Қабылданған саясаттың ережелеріне және оларды орындау бойынша шараларға қатысты мәселелер

КПМГ сіздің дербес ақпаратыңызға қол сұғылмауын қорғауды өзінің борышы деп санайды.

Егер сіздің дербес ақпаратыңызбен біздің қалай жұмыс істейтінімізге қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз немесе ескертулеріңіз болса, КПМГ компаниясындағы дербес деректермен жұмыс істеу үшін жауапты тұлғаға dataprivacy@kpmg.ru мекенжайы арқылы хабарласыңыз. Сондай-ақ осы мекенжайды сіз КПМГ Мәлімдемесін біздің орындауымызға байланысты қандай да бір түйінді мәселелер туралы хабарлау үшін де пайдалана аласыз. Біз сіздің электрондық хабарламаңыздың алынғанын 14 күн ішінде растаймыз және сізде туындаған түйінді мәселені тиісті электрондық хабарлама алынған сәттен бастап бір ай ішінде шешу үшін шаралар қабылдаймыз. Егер мәселе күрделі болған жағдайда немесе уақыттың нақты сәтінде біз бірнеше мәселені шешумен айналысып жатсақ, біз сіздің мәселеңізді шешу үшін бір айдан астам уақыт қажет болатыны туралы хабарлаймыз, сондай-ақ ол туралы алғаш хабарлаған сәтіңізден бастап үш ай ішінде оны шешу үшін барлық шараларды қабылдаймыз.

Егер алған жауабыңыз қандай да бір себептен сізді қанағаттандырмаса, сіз GlobalPrivacyOfficer@kpmg.com мекенжайы арқылы электрондық хабарлама жібере отырып, өзіңіздің мәселеңіз бойынша әлдеқайда жоғары деңгейде, Құпиялықты қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық лауазымды тұлғаға жүгіне аласыз. Біз сізді мазалайтын мәселені қарастыруға қабылдай да (және мұндай жағдайда жоғарыдағы "Сіздің құқықтарыңыз" бөлімінде аталған шаралардың бірін қолдана) аласыз, сондай-ақ оны қарастыруға қабылдаудан заңды негіздерде бас тарта да аламыз.

Кез келген жағдайда өз юрисдикциясыңыздағы дербес ақпаратты қорғау үшін жауап беретін реттеуші органға шағым беруге әрқашан да құқыңыз бар.

1 Осы КПМГ Мәлімдемесінде «КПМГ» немесе “KPMG” қысқартылған атауы, «біз» есімдігі және одан туындаған жіктеу есімдіктері жаһандық KPMG International Limited (“KPMG International”) ұйымын немесе әрқайсысы дербес заңды тұлға болып табылатын оның мүше фирмаларының біреуін немесе бірнешеуін білдіреді.

KPMG International Limited – өзінің қатысушыларының кепілдіктерімен шектелген англиялық жекеменшік компания. KPMG International клиенттерге кәсіби қызметтер көрсетпейді. KPMG желісіне мүше фирмалардың бір де біреуінің үшінші тұлғалардың алдында KPMG International компаниясын міндеттемелермен байлауға өкілеттігі жоқ, дәл солай KPMG International компаниясының да KPMG желісінің бір де бір мүше фирмасын сондай міндеттемелермен байлауға құқығы жоқ.