Шетелдік заңды тұлғаларға салық салу

Шетелдік заңды тұлғаларға салық салу

Шетелдік заңды тұлғаларға салық салу

Халықаралық компаниялар түрлі салық салу жүйелерімен жұмыс жасауға мәжбүр болады, ол шешімдер қабылдау процесін күрделендіреді және

Сонымен қатар салықтық жоспарлау үшін мүмкіндіктер жасайды.

  • Халықаралық компаниялар тобында ұйымдастыру және басқару құрылымы қандай болуы тиіс?
  • Акцияларды бастапқы жария орналастыру немесе жабық жазылым мақсатындағы холдингтік компанияны құру үшін қандай юрисдикцияны таңдау керек?
  • Түрлі елдерде қызметтерді қаржыландыруды қалай жүзеге асырған жөн?
  • Шетелде компанияны алудың салық салу тұрғысынан қандай құрылымы тиімді?
  • Топтың жалпы салықтық жүктемесін қысқарту үшін, шетелдегі қызметтің салық салу тұрғысынан оңтайлы жүйесін қалай жасауға болады?
  • Компанияға коммерциялық қызметіне ден қоюға мүмкіндік беру үшін, қазақстандық нарыққа шыққан кезде заңнаманың талаптарының сақталуын қалай қамтамасыз етуге болады?

Бұл фундаменталды шешімдер халықаралық компаниялардың салықтық тәуекелдер дәрежесіне, ғаламдық тиімді салымдық ставкасына және салықтық жүктемесіне сыни ықпал жасай алады. Халықаралық компаниялардың ішкі салықтық құрылымдары әдетте күнделікті күйбең тіршіліктен аспайтындықтарынан және адами және уақыт ресурстарымен шектеулі болуы да аса маңызды.

KPMG салықтық тәжірибе мамандары біздің клиенттердің халықаралық қызметіне қолдау көрсету үшін мамандандырылған қызметтер көрсетеді. Қызметтің жаңа бағыттарын ашқаныңызға немесе Қазақстанда немесе шетелде бірлескен кәсіорын ашқаныңызға, сырттан қаржыландыруды тартатыныңызға, өз қызметіңізді шетелде қаржыландыруыңызға, немесе белгілі бір нарықтағы жұмысыңызды бастауға немесе аяқтаға қарамастан KPMG сіздің қызметіңізді жүзеге асыру орынына қарамастан сізге өз білімі мен нақты тәжірибесін ұсына алады.

KPMG қызметтері

KPMG шетелдік заңды тұлғаларға салық салу саласындағы қызметтердің толық ауқымын ұсынады, оның ішінде:

  • Халықаралық операцияларды салықтық жоспарлау және құрылымдау;
  • Кіріс және шығыс инвестицияларына салық салу мәселелері бойынша консультациялар;
  • Активтерді қаржыландыру және табысты репатриациялау мәселері бойынша консультациялар;
  • Шетелдік салықтарды есепке алуды жоспарлау;
  • Салықтық есептілікті дайындау кезінде көмек көрсету және салықтық заңнама талаптарын орындау бойынша консультациялар;

KPMG артықшылықтары

  • KPMG мамандарында түрлі салалардағы компанияларымен жұмыс жасаудың бай тәжірибесі бар.
  • Біздің жобалық топтар шетелдік заңды тұлғаларға салық салудың барлық ерекшеліктерін толық түсінуді қамтамасыз ету үшін түрлі мамандықтардың (салықтық, заңдық, бухгалтерлік) мамандарын қамтиды.
  • KPMG-да дүние жүзі бойынша офистері бар, бұл біздің клиенттерге біз қызметімізді жүзеге асыратын барлық өңірлердегі салықтық қызметтерге қолжетімділікке мүмкіндіктер ашады.
  • KPMG қазақстандық салықтық заңнамасы тұрғысынан жекелеген мәміленің салықтың салдарын талдап қана қоймайды, сонымен бірге өзінің клиенттеріне нақты шешімнен шығатын барлық артықшылықтардың толық көрінісін, ықтимал күрделіліктері мен тәуекелдерін ұсыну үшін жалпы салаға тән ерекшеліктерді де ескереді.

Бізбен байланысыңыз