Сookies технологиясы

1 КПМГ сайтында дербес ақпараттың автоматты түрде жиналуы

Кейбір жағдайларда КПМГ және онымен жұмыс істейтін қызмет провайдерлері сіз КПМГ сайттарына онлайн кіргенде немесе сізбен электрондық хабарлар алмасу процесінде ақпараттың жеке түрлерін автоматты түрде жинау үшін cookies технологиясын, веб-маяктарды және өзге технологияларды қолданады. Осындай ақпаратты жинау бізге онлайн-кірушілердің жеке баптаулары мен параметрлерін сақтауға, КПМГ веб-сайттарының функциялық сипаттамаларын жақсартуға, оларды пайдаланушылар үшін ыңғайлырақ етуге және тұтастай алғанда олардың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ біздің маркетингілік қызметіміздің өнімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

1.1 IP-мекенжайлар

IP-мекенжай интернетке әр шыққан кезде сіздің компьютеріңізге берілетін нөмір болып табылады. Ол компьютерлер мен серверлерге бір бірін тануға және ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Біздің сайттарымызға кірушілердің IP-мекенжайлары ақпараттық қауіпсіздік және жүйе диагностикасы мақсаттарында есепке алынатын болады. Көптеген жағдайларда бұл ақпарат сайттарды пайдалану үрдістерін және олардың тиімділігін талдау үшін біріктірілген түрде де пайдаланылады.

1.2 Сookies технологиясы

Әдетте Cookie сіз біздің сайтқа кірген сайын сіздің интернетке қосылған компьютеріңізде немесе құрылғыңызда орналастырылатын файл болып табылады. Ол сіздің компьютеріңізді немесе құрылғыңызды сайттың жадында сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, cookies технологиясы басқа мақсаттарда да қолданылуы мүмкін.

Біздің веб-сайттарымыздың кейбірінде пайда болатын ақпараттық баннер cookies жинауға сіздің келісіміңізді сұрайды. Төменде біздің веб-сайттарымызда жиналатын cookies санаттарының сипаттамасы және оларды пайдалану барысында сіздің келісіміңіздің аталған сайттардың кейбір элементтерінің жұмысына тигізетін әсері келтіріледі:

Айрықша қажетті cookie файлдары: Айрықша қажетті cookie файлдары пайдаланушылардың сайттың ішінде жүруі үшін және сайттың қорғалған бөлімдеріне кіру тәрізді элементтерді пайдалану үшін талап етіледі. Бұл cookie файлдары белсенді болуға тиіс. Олай болмаған жағдайда сайт тиісті түрде жұмыс істемейтін болады.

Іске пайдаланылатын cookie файлдары: Іске пайдаланылатын cookie файлдары сайттың жұмысын жақсарту мақсатында ақпарат жинау үшін пайдаланылады.

Функциялық cookie файлдары: Функциялық cookie файлдары сайттың жұмысын немесе сыртқы көрінісін өзгертетін пайдаланушылық параметрлерді қадағалау үшін пайдаланылады. Бұл cookie файлдарын пайдаланудан бас тартуыңызға болады, алайда бұл сіздің сайтпен өзара әрекеттестігіңізге әсер етеді және сайтқа кірген сайын кейбір параметрлерді қайтадан таңдау қажет болуы мүмкін.

Функциялық cookie файлдарын пайдалануға келісіміңізді cookie баннерінің көмегімен немесе браузердің параметрлерін cookie файлдарынан бас тартатын етіп баптау арқылы басқаруға болады (мұны әдетте браузердің "Құралдар мен параметрлер" мәзірі арқылы жасауға болады).

Мақсатты немесе жарнамалық cookie файлдары: Мақсатты cookie файлдары сайттардың мазмұнын сіздің мүдделеріңізге сәйкес бейнелеу үшін пайдаланылады. Оларды сондай-ақ кейбір маркетингілік материалдардың көрсетілу санын шектеу үшін, сондай-ақ олардың тиімділілігін бағалау үшін пайдалануға болады. Егер сіз мақсатты cookie файлдарын пайдалануға келісім бермесеңіз, Интернетке жалғанған компьютеріңіз немесе құрылғыңыз жарнамалық мақсатта қадағаланбайтын болады.

Мақсатты cookie файлдарын пайдалануға келісіміңізді cookie баннерінің көмегімен немесе браузердің параметрлерін cookie файлдарынан бас тартатын етіп баптау арқылы басқаруға болады (мұны әдетте браузердің "Құралдар мен параметрлер" мәзірі арқылы жасауға болады).

Браузерлердің көпшілігі cookies файлдарын автоматты түрде қабылдайтынына қарамастан, сіз браузеріңізді cookie файлын қабылдау немесе бұғаттау туралы шешімді өзіңіз ғана қабылдайтындай етіп баптай аласыз (браузердегі "Құралдар" немесе "Бапталатын параметрлер" мәзірін қараңыз). Cookie файлдарды құрылғыңыздан кез келген уақытта жоюға болады. Бұл орайда, егер cookie файлдарын қабылдамасаңыз, сайттың кейбір функцияларының жоғалуы мүмкін екенін есте ұстау қажет.

Cookie файлдарын басқару туралы толығырақ ақпаратты браузердің анықтама бөлімінен немесе мамандандырылған сайттардан, мысалы, www.allaboutcookies.org сайтынан табуға болады.

Төменде біздің веб-сайттарда пайдаланылатын cookie файл түрлерінің тізімі келтірілген:

Мақсаты
Сипаттамасы
Түрі және әрекет ету мерзімі
Функциялары (пайдаланушы браузерінің) Біздің веб-сайттар ортақ интернет-платформаларды пайдалана отырып құрылған. Оларда сыйысымдылық мәселелерін шешуге көмектесетін (мысалы, браузердің тұрпатын анықтайтын) және функциялығын арттыратын (мысалы, мазмұнды тезірек жүктеп алатын) cookie файлдар бар.

Сессия


Браузер жабылған кезде жойылады

Ақпарат қауіпсіздігін сақтау мақсатындағы cookie файлдар (мысалы, ASP.NET) Егер сіз кіруі шектелген аймаққа өту үшін тіркелсеңіз, біздің cookie файлдар онлайн режимде кірген барлық уақыт бойы құрылғыңыздың желіде қалуына мүмкіндік береді. Кіруі шектелген аймаққа өту үшін пайдаланушы аты мен құпиясөзді енгізу қажет болады. 

Сессия

Браузер жабылған кезде жойылады

Сайттың параметрлері Біз пайдаланатын cookie файлдары сондай-ақ сайттың сіз таңдаған параметрлерін (мысалы, тіл) есте сақтай алады немесе жеке баптаулар мен параметрлерді (мысалы, дараландырылған құттықтау хаты немесе сізді қызықтыратын мазмұн) алдын ала қарастыра алады. Сіз сайтқа кіру мүмкіндігін алу немесе тіркелгі құру мақсатында тікелей тіркелетін аймақтарда қолданылады.

Сессия

Браузер жабылған кезде жойылады

Сараптау
Біздің веб-сайтқа келушілердің оны қалай пайдаланатынын және қандай бөлімдердің оларды қызықтыратынын түсіну үшін біз басқа ұйымдар әзірлеген бірқатар сараптау құралдарын іске пайдаланамыз. Бұл біздің www.kpmg.ru сайтының сапасын арттыруымызға және оны ақпаратпен жақсырақ толықтыруымызға мүмкіндік береді. Біріктірілген статистикалық деректердің құрамына сайтқа онлайн режимде кірудің немесе беттерді қараудың, сондай-ақ біздің веб-сайттарға сілтеме жасайтын домендердің жалпы саны кіреді. Біз пайдаланатын Google Analytics интернет сервисі туралы толығырақ ақпарат төменде келтіріледі. Әрекет ету мерзімі ұзақ, бірақ kpmg.kz сайтына онлайн режимде соңғы келген сәтіңізден кейін екі жыл өткенде автоматты түрде жойылады.
Әлеуметтік желілерде ақпарат алмасу

Біздің веб-беттеріміздің мазмұнын әлеуметтік желілер мен электрондық пошта арқылы алмасу үшін сізге қосымша мүмкіндіктер беру мақсатында біз әлеуметтік ақпарат құралдарындағы басқа ұйымдар әзірлеген көрнекі элементтерді немесе түймелерді пайдаланамыз. Мұндай жағдайда құрылғыңызда көрнекі элементтер мен түймелердің пайдаланылуын ыңғайлырақ ететін, біздің веб-беттерде басқа пайдаланушылармен қатынасты көрсететін (мысалы, әлеуметтік желілердегі мазмұн алмасу санағышын жаңарту) және интернеттегі және біздің веб-сайттардағы сіздің іс-әрекетіңіз туралы ақпаратты тіркейтін cookie файл орналастырылуы мүмкін. Назар аударыңыз: кез келген осындай сервисті пайдаланар алдында, әрбір провайдердің құпиялықты сақтау саласындағы саясатымен танысуды ұсынамыз. Әлеуметтік желілерде біз пайдаланатын көрнекі элементтер мен қолданбалар туралы толығырақ ақпарат төменде келтіріледі.

Әрекет ету мерзімі ұзақ, бірақ www.kpmg.kz сайтына онлайн режимде соңғы келген сәтіңізден кейін екі жыл өткенде автоматты түрде жойылады.

 

 

Сайтқа онлайн режимде келушілерге қосымша мүмкіндіктер беру мақсатында біздің жеке веб-беттерімізде басқа әзірлеуші компаниялардың құралдары мен көрнекі элементтері мезгіл-мезгіл пайдаланылатын болады. Мұндай жағдайда құрылғыңызда құралдар мен көрнекі элементтердің пайдаланылуын ыңғайлырақ ететін және біздің веб-беттерде сіздің басқа пайдаланушылармен араласуыңызды дұрыс көрсететін cookie файл орналастырылатын болады.

Cookie файлдар өздігінен бізге сіздің электрондық мекенжайыңызды айтпайды және сізді қандай да бір басқаша түрде сәйкестендірмейді. Біз веб-сайттарымызға онлайн режимде келетін жекелеген адамдарды сәйкестендіру үшін емес, сайтқа келетін бірегей меймандардың санын анықтап, олардың географиялық орналасқан жері туралы ақпарат жинау мақсатында ғана өзіміздің сараптамалық есепхаттарымызда басқа сәйкестендіргіштерді, соның ішінде IP-мекенжайларды пайдаланатын боламыз.

1.3 Google Analytics интернет сервисі

КПМГ компаниясы Google Analytics және Яндекс Метрика интернет сервистерін қолданады. Оның Google Analytics сервисін қалай пайдаланатыны туралы толық ақпаратты мына жерден табасыз: https://www.google.com/analytics/terms/us.html, https://yandex.ru/legal/metrica_termsofuse/.

Веб-сайтқа келушілерге өздерінің деректерін Google Analytics сервисінің қалай жинайтынына қатысты көбірек таңдау нұсқаларын беру үшін Google қосымша Google Analytics Opt-out Browser Add-on әзірледі. Веб-сайтқа келу туралы ақпарат Google Analytics сервисіне түспеуі үшін қосымша браузер Google Analytics JavaScript (ga.js) бағдарламасымен байланыс орнатады. Google Analytics қосымша браузері ақпараттың веб-сайттың өзіне немесе басқа веб-талдау қызметтеріне түсуіне кедергі жасамайды.

Google Analytics және Яндекс Метрика сервистерінің деректерімен жұмыс істеудің нақты тәртібі оларды пайдалану үшін қолданылатын КПМГ электрондық ресурсының сипатына байланысты. Мысалы, КПМГ мансап порталында біз келушілердің жынысы мен жасын, сондай-ақ порталға келушілердің әртүрлі топтары арасында қандай мансап ұсыныстары ең танымал екенін сараптау үшін бос жұмыс орындарын бақылай аламыз.  

1.4 Веб-маяктар (web beacon технологиясы)

Веб-маяк (web beacon) - веб-беттегі кішігірім графикалық файл, оны компьютеріңізден мысалы, IP мекенжайы, веб-беттің мазмұнын зерттеудің ұзақтығы, браузердің тұрпаты, сондай-ақ сол сервер бұрынырақ жасаған cookie файлдарының бар-жоғы сияқты белгілі бір ақпаратты алу үшін пайдалануға болады.

КПМГ аталған веб-маяктарды қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес түрде пайдаланады.
КПМГ немесе қызмет көрсетуші провайдерлер веб-маяктарды бізге қызметкерлерді жалдау бойынша немесе маркетингтік қызмет қызмет көрсететін үшінші тұлғалардың веб-сайттарының жұмысының тиімділігін бақылау мақсатында немесе сайтқа онлайн режимде келушілер туралы біріктірілген статистикалық деректерді жинау және cookie файлдарды басқару мақсатында пайдаланатын болады.

Кейбір веб-маяктарды олармен байланысты cookie файлдарын бұғаттау арқылы ажыратуға болады. Мұндай жағдайда веб-маяк сіздің IP мекенжайыңыздан жасырын кіру жайтын тіркей алады, бірақ ақпарат cookie файлына жазылмайды.

Біздің ақпараттық бюллетеньдерімізге немесе өзге де материалдарымызға жазылған жағдайда біз алушылардың әрекеттерін қадағалайтын боламыз, мысалы, хабарламалар ішіндегі кіріктірілген сілтемелер арқылы біз қандай да бір хабарламаны ашқан алушылардың саны туралы ақпарат жинай аламыз. Аталған ақпаратты жинау сайттың қандай бөлімдерінің пайдаланушыларды көбірек қызықтыратынын бағалау үшін және пайдаланушы баптайтын параметрлерді жетілдіру үшін жүргізіледі.

1.5 Орналасқан жерді көрсетуге арналған сервистер

КПМГ сіздің компьютеріңіздің немесе мобильді құрылғыңыздың географиялық орналасқан жері туралы ақпаратты жинап, пайдаланатын болады. Бұл деректерді жинаудағы мақсат - өзіңіз тұратын аймақтағы сізге қызықты болуы мүмкін көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты ұсыну және онда ұсынылатын өнімдер мен қызметтерді жетілдіру.

2 Әлеуметтік ақпарат құралдарындағы көрнекі элементтер мен қолданбалар

КПМГ компаниясының веб-сайттарында көбінесе Facebook желісіндегі Like батырмасы және Twitter көрнекі элементі сияқты әлеуметтік ақпарат құралдарындағы басқа компаниялардың қолданбалары арқылы ақпарат алмасу мүмкіндігі көзделеді. Әлеуметтік ақпарат құралдарының қолданбалары сіздің КПМГ сайттарының ресурстарын қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпаратты жинайды және пайдаланады (cookie файлдары туралы толық ақпарат жоғарыдағы "Әлеуметтік желілерде ақпарат алмасу" бөлімінде келтірілген). Әлеуметтік ақпарат құралдарындағы осындай қолданбалар арқылы сіз беретін барлық дербес ақпаратты кейде сол қолданбаның басқа қатысушылары жинап, пайдаланады және осындай өзара іс-әрекет сол қолданбаны ұсынатын компаниялардың құпиялықты сақтау туралы саясатымен реттеледі. Біз ол компанияларды бақыламаймыз және олардың сіздің дербес ақпаратыңызды қалай пайдаланатыны үшін жауапкершілік көтермейміз.

Сонымен қатар, КПМГ компаниясының веб-сайттарында блогтар, форумдар, краудсорсингке арналған қолданбалар және өзге де қолданбалар мен сервистер (бұдан әрі - "әлеуметтік ақпарат құралдарының элементтері") орналастырылуы мүмкін. Бұл элементтердің мақсаты – білім беруге және мазмұн алмасуға жәрдемдесу. КПМГ компаниясының әлеуметтік ақпарат құралының элементінде сіз көрсеткен барлық дербес ақпарат әдетте осы элементтің басқа пайдаланушыларына (егер оны жинау сәтінде басқаша көрсетілмесе) беріледі, біз олардың қызметі мен іс-әрекеттерін көбінесе шектеулі дәрежеде ғана бақылай аламыз немесе бізде оларды бақылау мүмкіндігі жоқ.