18 June 2016, 00:15AM - 4:00PM, ALMT

18 маусымда 2016 жылдағы Қазақстан және Орталық Азияда KPMG шахмат ойындарының кезеңі аяқталған Астана қаласында шахмат бойынша KPMG Төртінші чемпионаты басталды.

«Біздің турнирге қатысушыларымыздың өтініші бойынша осы жылы турнир регламентіне кйбір өзгерістер енгізілді: Премьер-Лиганың командалық чемпионатына дәрежесі бар немесе дәрежесі жоқ шахматшылар да қатысатын болады, ал кәсіби шахматшылар үшін Супер-Лиганың жеке чемпионаты ұйымдастырылды. Осылайша турнирдің барлық қатысушылары жеңіске қолжеткізу мүмкіндігіне ие болды» деп түсінік береді Қазақстан және Орталық Азияда KPMG бизнесін дамыту бөлімінің басшысы Қарлығаш Қалтаева

Біріншілік және Премьер-Лига жарысының кубогына осы жылы 13 команда қатысты. Жарыс швейцариялық жүйемен өткізілді: әрбір ойыншыға партия үшін 15 минут уақытын бақылау барысында 7 тур. Супер-Лига чемпионатында біріншіден бастап әр жүрісі үшін партияның соңына дейін 15 минут + 10 секунд уақыт бақылауымен ФИДЕ ережесі бойынша шеңбер жүйесімен жарысқа түскен 5 шахматшы халықаралық шеберлер мен спорт шеберлерінің үміткерлері қатысты. Регламентті сақтау бас қазы - ФИДЕ арбитрі, халықаралық гроссмейстер Нұрлан Ибраев басшылығымен қазылар алқасы қамтамасыз етті.

Премьер-Лига турнирінің қорытындысы бойынша командалық және жеке есеп бойынша жеңімпаздар анықталды. Турнир келесі нәтижелік көрсеткіштерімен аяқталды: командалық есепте бірінші орынды және кубокты «Қазақмыс Корпорациясы, «күміс» "ҚазМұнайГаз-ПМ" АҚ командасына, «қол» - «Самрұқ-Қазына» командасында қалды. Жеке есепте бірінші тақтада сенімді жеңісті Әділбеков Әділет («ҚазМұнайгаз-ПМ» АҚ), екінші тақтада таңдаулы болып Абитов Жанділда («Қазақмыс» Корпорациясы), үшінші тақтада Канафин Роллан («Қазақмыс» Корпорациясы) көшбасшылық етті.

Супер-Лигада Алагузов Мақсат («Қазақстан темір жолы» ҰК») чемпион атанды, екінші орын Қашқынбеков Арманға (ҚР жаңғырмалы энергетка ассоциациясы), үшінші орын Медеуов Жандоста ( «Самрук-Энерго» АҚ) қалды.

Турнирдің барлық қатысушыларына ескерткіш сыйлқтары табыс етілді. Премьер-Лига мен Супер-Лига жеңімпаздар дипломдар және сыйлықармен марапатталды.

Астана қаласындағы шахмат бойынша KPMG төртінші чемпионаты 2016 жылдың Қазақстан және Орталық Азияда KPMG шахмат ойындарының кезеңін жапты. Осы Жылдың ақпан айында KPMG шахмат бойынша Бішкек қаласында Екінші чемпионат, ал 4 шілдеде Алматы қаласында шахматтан KPMG есебі бойынша он үшінші чемпионат сәтті өткізілгенін еске сала кетейік.

Байланыс

chess

Бізбен байланысыңыз