Халықаралық Жер Күні 2014

Халықаралық Жер Күні 2014

Халықаралық Жер Күні 2014

Халықаралық Жер Күні 2014

international earth day

2014 жылғы 17 мамырда KPMG ұйымының Алматы қаласындағы қызметкерлері Халықаралық Жер Күніне арналған сенбілікке шықты. Бұл шараны ұйымдастырушылар Қазақстандағы Америкалық Сауда Палатасы, PosadiDerevo.kz қоғамдық бірлестігі, сондай-ақ, KPMG, AECOM, BAT, Beeline, KazakhstanKagazy, Grant Thornton компаниялары мен «АРГО» азаматтық қоғам дамуы ассоциациясын қоса алғанда, бірқатар ұйымдар.

Сенбілікке қатысушылардың арасында НПО өкілдері  – мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың қоғамдық бірлестігі, мектеп оқушылары және Алматының қарапайым тұрғындары болды. Шараға барлығы 150-ге жуық волонтерлер қатысты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп атам қазақ айтпақшы, сенбілікке қатысушылар бірігіп 300 қаптай қоқыс жинап, шығарды. Сенбіліктің соңында ең белсенді қатысушылар KPMG ұйымының сыйлықтарына ие болды.

kz-international-earth-day

Астана қаласында да жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылып, KPMG волонтерлері онда да белсенді шаруа атқарды. Аталмыш шара табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды  реттеу басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілді.Сенбілік аясында PosadiDerevo.kz қоғамдық бірлестігімен қосылып қаланы көгалдандыру акциясы ұйымдастырылды.  Волонтерлердің жаппай жұмылуының арқасында 230 –дан астам жас көшеттер отырғызылды.  KPMG қызметкерлері қала үшін мұндай маңызды шараға қатысқандарына,  таза табиғат аясында өзара араласып-құраласып,шүйіркелескендеріне мәз болып қалды.

Бізбен байланысыңыз