KPMG-ның кәсіби бөлімдеріндегі жұмыс

KPMG-ның кәсіби бөлімдеріндегі жұмыс

Аудиторлық қызмет, салық және заңдық кеңес беру мен кеңес беру қызметі департаментіндегі жұмыс туралы жан-жақты біліңіз.

KPMG-ның кәсіби бөлімдеріндегі жұмыс

Мамандық туралы: аудитор

KPMG аудиторлық қызметтер департаментіндегі жұмыс сізге біздің клиенттеріміз болып табылатын жетекші қазақстандық және халықаралық фирмалар қызметінің өзіндік ерекшеліктерін түсінуге, ғаламдық компаниядағы жұмыс тәжірибесін алуға және өз біліміңізді іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік береді.
KPMG аудиторлары тексерулерді қазақстандық та, сондай-ақ халықаралық та қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес өткізеді. KPMG әдістемесі біздің клиенттерге бухгалтерлік есеп және қазақстандық заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңес беру саласындағы маңызды тәжірибеге ғана емес, сондай-ақ тексерілетін компаниялар бизнесінің арнайы ерекшелігін терең білуге де негізделген.

Мамандық туралы: салық кеңесшісі

Салықтық жоспарлаудың қолда бар мүмкіндіктері арқасында КПМГ өз клиенттеріне салық ұсталымдарын барынша азайтуға мүмкіндік беретін бизнестің құрылымы мен стратегиясын құру бойынша қызметтер ұсынады. КПМГ-да жиі өзгеріп тұратын қазақстандық заңнаманы бүге-шүгесіне дейін білетін жоғары білікті салық кеңесшілері мен заңгарлер жұмыс жасайды. Олар сондай-ақ клиенттеріне салық дау-дамайларын іс жүзінде шешу және түрлі мәселелер бойынша салық органдары ұстанымдары бойынша кеңес береді.

Мамандық туралы: стратегиялық кеңесші

Басқарушылық кеңес беру:
KPMG тұтқалы қызметтік салалардағы іс-тәжірибесі клиент-компаниялардың келесі бағытар бойынша тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді: қаржы, ақпараттық технологиялар, логистика, қызмектерлерді басқару, коммуникация, өндіріс, сауда-саттық, маркетинг т.б.
Басқарушылық кеңес беру мен ақпараттық технологиялар саласы мамандары қызметтердің кең ауқымын ұсынадыг. Біздің қазақстандық және шет елдік компаниялармен табысты жұмыс тәжірибеміз, сондай-ақ KPMG халықаралық тәжірибесін және озық әлемдік практикаларды мұнай мен газ, ритейл, металлургия, халық тұтынатын тауарлар, қаржылық қызметтер тәрізді түрлі индустриалдық салаларда пайдалану бізге жобаларды барынша тиімді жүзегеасыруға және клиенттер сеніміне сай болуға, тіпті одан асып түсуге мүмкіндік береді.

Басқарушылық тәуекелдер бойынша кеңес беру:
Әрбір қызметкер сәйкесінше мәселелерді шешуге белсене қатыса алуы үшін тәуекелдерді басқару ұйымның корпоративтік мәдениетіне негізді түрде кіріктірілуі тиіс. Алайда кемелденген корпоративтік басқару жай ғана тәуекелдерді басқаруға қарағанда анағұрлым көп дүниені білдіретінін атап өту қажет. Негізгі міндеттерді шешумен қатар ол бақылаудың қатаң жүйелерін құруды, капиталдар нарықтары мүшелерінің ұйымның қаржылық жағдайы туралы хабардарлығын, айлакерлік әрекеттерге жол бермеуді, қолданыстағы заңнама мен нормативтік-құқықтық құжаттар талаптары сақталуын қамтамасыз етуді білдіреді – мұның барлығы да ақыр соңында компанияға бірқатар көп басымдылықтар береді, себебі компания басшылығы істің нақты жағдайы туралы барынша толық ақпарат ала алады.

Инвестициялар және капитал нарықтары: 
Біздің командамыз Қазақстан мен ТМД елдерінде корпоративтік мәмілелер жүргізу тәжірибесіне және салалық тәжірибеге ие білікті қызметкерлерден тұрады. Біздің Қазақстан, Ресей, Украина аумағында мәмілелерді сүйемелдеумен қоса алғандағы ірі мәмілелер бойынша елеулі іс-тәжірибеміз бар.

Бізбен байланысыңыз